ТАУБАЕВА АҚМАРЖАН

(1958-2016)

 

Ақмаржан Таубаева — ақын, журналист. 1958 жылы туған. 2001 жылы «Жайықтың ақ самалы» тұңғыш жыр жинағы жарық көрді. «Нұр апасы Жайықтың», «Асыл арқау», «Ұстаздар әлемі» жинақтары шыққан. Өлеңдері «Қазақстан әдебиеті — 2000» байқауы қорытындысы бойынша «Күміс күйме» жинағына кіргізілген.

1983 жылдан ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Жайық ұстазы» газетінің бас редакторы.

1958 ж.17 қараша Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Қандық аулында  дүниеге келген.

1976-1979 жылы Орал педагогикалық училищесінде оқыған. 1979-81 жылдары Қандық негізгі  орта мектебінде бастауыш  класс мұғалімі.

1985 жылы Орал пединститутын бітірген. 1981-1990 жылдары  Ақжайық аудандық, облыстық  «Орал өңірі» газеттерінің қызметкері.

1990-94 жылдары  Алматы қаласындағы  Жоғары партия  мектебінің  тыңдаушысы. Қазақстан Жастар Одағында баспасөз хатшысы. 1994-1996 жж. Алматы қаласы  Бостандық аудандық «Қазақ тілі» қоғамының жауапты хатшысы.

1994-1996, 1998-2001 жылдары Ж.Досмұхамедов атындағы педколледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы. 2002 жылдан  «Жайық ұстазы» газетінің  бас редакторы. 1998 жылы «Нұр — апасы Жайықтың», 2001 жылы «Жайықтың ақ самалы» кітаптары жарық көрді.

2001 жылы «Сорос-Қазақстан»қоры ұйымдастырған «Қазақстан әдебиеті — 2000» байқауының қорытындысы бойынша  шығарылған «Күміс күйме» жинағына енді.

2004 жылы облыстық «Үздік аудармашы»  байқауының бас жүлдегері, Халықаралық әйелдер форумына қатысушы.

2005 жылы «Қанатты  әйел — 2» республикалық идеялар мен тауарлар  жәрмеңкесіне «Жайықтың мөлдір сырлары» жинағын құрастырып апарды.

2008 жылы «Ұстаздар әлемі» сұхбаттар мен очерктер жинағы.

Әдебиеттер: 

Таубаева А. «Нұр-апасы Жайықтың. — Орал: Дастан, 1998. — 72 б.

Таубаева А. Жайықтың ақ самалы: өлеңдер. — Алматы: Жас қазақ, 2001. — 112 б.

Таубаева А. Ұстаздар әлемі. — Орал: Полиграфсервис, 2008. — 118 б.

*****

Таубаева Ақмаржан: өмірдерек, өлеңдер // Жайықтың мөлдір сырлары. — Орал, 2005. – Б.42-47.

Бақытқызы Ә. Шуақты жан еді…: Ақын Ақмаржан Бақытқызы Таубаева туралы // Орал өңірі. — 2017. — 30 қыркүйек. — Б. 11.

Бахитжанова Ж. Ақын жүрегінің айшуақ нұры: Ақын, білікті ұстаз, қаламы қарымды журналист, облыстық «Жайық ұстазы» газетінің бас редакторы болған Ақмаржан Бақытқызы Таубаева туралы// Ұлағат. — 2017. — №1. — Б. 127-131.

Даупаева К. Ақмаржан Таубаева атындағы сынып ашылды: Ақын Ақмаржан Таубаеваның туған күніне орай №19 жалпы білім беретін орта мектебінде «Мен Жайықтың перзентімін» атты еске алу кеші өтті.// Жайық ұстазы. — 2017. — 30 қараша. — Б. 5.

Дәулетова А. Сағындырған ақ апа: ақын Ақмаржан Таубаеваға арналған өлең // Жайық ұстазы. — 2018 . — 15 қараша.

Елеубайқызы Ү. Қайран күндер кешегі…:  ақын Ақмаржан Таубаева жайында // Жайық ұстазы. — 2018 . — 15 қараша. — Б. 4.

Мұштанова Д. Ақмаржан: ақын Ақмаржан Таубаеваға арнау өлең // Жайық  ұстазы. — 2018. — 15 қараша. — Б. 4.

Мұштанова Д. Ақмаржанға: Ақын Ақмаржан Таубаеваға арнау өлең // Жайық ұстазы. — 2016. — 16 қараша. — Б. 2.

Пұсырман С. Ақ Жайықтың аққу қызы: Ұстаз, редактор, ақын Ақмаржан Таубаева туралы // Информбиржа. — 2017. — 14 қыркүйек. — Б. 16

Пұсырман С. Жаңа кітап жарық көрді: ақын Ақмаржан Таубаеваның «Құлын дауысты жыр-әлем» кітабы жайында // Информбиржа . — 2018 . — 15 қараша. — Б. 16.

Таубаева М. Сағыныш: ақын Ақмаржан Таубаеваға арналған өлең // Жайық  ұстазы. — 2018. — 15 қараша. — Б. 4.

Хамзақызы М. Ақмаржанның армандаған кітабы: Таяуда Ж. Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледжінде өлкемізге белгілі ақын Ақмаржан Таубаеваның «Құлын дауысты жыр-әлем» атты жаңадан жарық көрген жинағының тұсауы кесілді. // Жайық үні. — 2018 . — 15 қараша. — Б. 5.

Ізмұханбетова С. «Жайықтың ұстаздары жылаған күн…» : арнау өлең // Орал өңірі. — 2016. — 13 қазан. — Б. 15.