БАҚТЫГЕРЕЕВА АҚҰШТАП

(1944)

 

Ақұштап Бақтыгереева  1944 жылы, 23 тамызда Ақжайық ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келді. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1969). Орал қаласындағы С.Сейфуллин атындағы 11 — орта мектепті  бітірген (1961). 1961-66 жылдары Қазақтың қыздар пединституттың филология факультетінде оқыды. Еңбек жолын «Орал өңірі» облыстық газетінде бастаған. «Жұлдыз » журналы (1970), «Қазақ әдебиеті» газеті (1967) редакцияларында, «Жазушы» баспасында (1978) қызмет атқарды. «Өрімтал» деген алғашқы өлеңдер жинағы 1967 жылдары жарық көрді. Кейіннен «Наз» (1969), «Қуанышым, іңкәрім» (1971), (Сені ойлаймын) (1973), «Ақ қанат » (1975), «Бақыт әні» (1978), «Жайық қызы», «Белокрылая» (1981), «Ақ желең» (1985), «Сүмбіле» (1990), «Ақ шағала» (2001) атты кітаптары басылып шықты. ақын өлеңдері орыс тіліндегі «Песня.МЕчта.Любовь», «Чудесный сад» (1980) топтамаларына енді. «Советская женщина», «Огонек» журналдарының жүлдесін алған (1980) . ТМД елдері ақындарының (Зүлфия, Кузовлева, Н. Басиков, С.Капутикин және т.б ) өлең — жырларын қазақ тіліне аударған.

Халқы еркелетіп Ақшағала атап кеткен Ақұштап Бақтыгереева, дүниежүзіне белгілі әрі жергілікті қаламдастарының шығармашылығын насихаттауға да ат салысуда. Ол «Қадыр Мырза Әлі» қоғамдық қорының белсенді құрылтайшыларының бірі.

Ақын еңбегіне «Құрмет» орденімен ілтипат көрсетілді. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері».

 

Әдебиеттер:

Бақтыгереева А. Қуанышым, іңкәрім. — Алматы, 1971. — 86 б.

Бақтыгереева А. Сені ойлаймын: өлеңдер. — Алматы, 1973. — 85 б.

Бақтыгереева А. Ақ қанат: өлеңдер. — Алматы, 1975. — 64 б.

Бақтыгереева А. Бақыт әні: өлеңдер. — Алматы, 1978. — 76 б.

Бақтыгереева А. Жайық қызы: өлеңдер. — Алматы, 1980. — 286 б.

Бақтыгереева А. Ақжелең: жыр жинағы. — Алматы, 1985. — 112 б.

Бақтыгереева А. Сүмбіле: өлеңдер. — Алматы, 1990. — 119 б.

Бақтыгереева А. Ақ шағала: өлеңдер. — Алматы, 2001. — 424 б.

Бақтыгереева А. Жайыққа сәлем де сен: өлең // Алматы ақшамы. — 2002. — 16 мамыр.

Бақтыгереева А.  Өтеді-ау қай кезде де арманды қыз: өлендер // Жайық арулары. — 2004. -26 тамыз.

Бақтыгереева А. Жайықтың ерке Ботасы ең..: Ботакөз Баймұқанқызы туралы // Орал өңірі. — 2007. — 11 желтоқсан. – Б. 4.

Бақтыгереева А. Гүлдесте: ақын шығармашылығы жайлы ой-пікірлер, сұхбаттар, арнаулар. — Орал, 2009. — 368 б.

Бақтыгереева А. Жапырақсыз  мұңаяды ақ қайың…: өлеңдер // Қазақ әдебиеті. — 2009. — 18

қыркүйек. – Б. 8.

Бақтыгереева А. «Өзіңе қайта оралған шағалаңмын»: өлең // Орал өңірі. — 2009. — 17 қыркүйек. – Б.11.

Бақтыгереева А. Ақ айдын: өлеңдермен баладалар. — Алматы, 2011. — 144 б.

Бақтыгереева А. Жайыққа жаутаң — жаутаң қарадым мен..: өлеңдер // Орал өңірі. — 2011.- 12 мамыр. – Б.11.

Бақтыгереева А. Әйел жайлы: өлең // Қазақ әдебиеті. — 2012. — 9 наурыз. – Б.8.

Бақтыгереева А. Шығармалары. — Астана: Фолиант. — Т.1: Ақ Жайық айдыны: өлеңдер. — 2014. – 376 б.

Бақтыгереева А. Шығармалары. — Астана: Фолиант. — Т.2: Боз жусан дала: өлеңдер. — 2014. — 376 б.

Бақтыгереева А. Шығармалары. — Астана: Фолиант. — Т.3: Аманат: өлеңдер, аудармалар, мақалалар, хаттар, ой түйіндер. — 2014. – 376 б.

Бақтыгереева А. Қайран қарлығаштар-ай!: таңдамалы өлеңдер, аудармалар, ойтолғақ. — Алматы: RS: Халықаралық Абай клубы, 2014. — 324 б.: сур. — Ақ Жайық кітапханасы; «Amanat» журналының кітапханасы; Поэзия І — ХХІ ғғ., № 172; Халықаралық Абай клубы.

Бақтыгереева А. Екі томдық таңдамалы шығармалары. — Алматы: Айғаным, 2018. -1 том: Ана әлдиі. — 2018. — 379 б.

Бақтыгереева А. Екі томдық таңдамалы шығармалары. — Алматы: Айғаным, 2018. — 2 том: Өлең деген құдірет. — 379 б.

Бақтыгереева А. Парасат сөзі. — Алматы: Айғаным, 2018. — 151 б.

*****

Бақтыгереева Ақұштап: өмірдерек // Ақжайықтың асыл арулары: энциклопедия. — Алматы, 2013. – Б. 22-23.

Бақтыгереева Ақұштап: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. — Алматы, 2010. – Б.172.

Бақтыгереева Ақұштап: өмірдерек // Жайықтың мөлдір сырлары. — Орал, 2005. – Б. 9 — 20.

Бақтыгереева Ақұштап: өмірдерек // Қазақстан жазушылары: анықтамалық / құраст.: С.Қамшегер, Қ.Жұмашева. — Алматы: «Ан Арыс» баспасы,  2009. – Б. 86.

Бақтыгереева Ақұштап: өмірдерек // Қос газеттің тарихы: меретойлық жинақ. – Орал, Жайық Пресс, 2013 . — Б.149.