НӘРІКОВ АЙТҚАЛИ

(1940)

 

1940 жылы 20 маусымда Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Ширявское селосында туған.

1968 жылы Орал пединститутын бітірген. Содан бері журналист болып жұмыс істеп келеді.

Тасқала ауданының құрметті азаматы.

Тырнақалды туындылары республика жас ақындарының «Жас керуен» атты ұжымдық жинағында 1969 жылы жарияланған. «Жалын» баспасынан шыққан «Жүрек толқындары» кітабында көлемді топтамасы жарық көрген.

«Көк майса», «Самал», «Сағыныш», балаларға арналған «Еркін есейіп келеді» кітаптары шыққан.

«Тасқала ауданының құрметті азаматы» атағының иегері. Республикалық жастар поэзия фестивалінің (1972ж.) Дипломанты. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтары тарапынан марапатталған.

 

Әдебиеттер:

Нәріков А. Сағыныш: өлеңдер. — Алматы, 2002. — 216 б.

Нәріков А. Ойшылдың өскен ортасы: очерк. — Орал, 2005. — 80 б.

Нәріков А. Жанғали ақын. — Орал, 2006. — 100 б.

Нәріков А. Жылдар жаңғырығы: өлеңдер. — Орал, 2009. — 220 б.

Нәріков А. Елу жыл – елу жыр. — Орал, 2010. — 64 б.

Нәріков А. Мен – майдангер ұлымын: өлеңдер, очерктер, мақалалар. — Орал, 2010. — 334 б.

Нәріков А. Үлкен үйдің иесі: очерктер. — Орал: ШұғылаПринт, 2015. — 108 б.

Нәріков А. Кезім жоқ ойдан айыққан: ақынның бірнеше өлеңдері // Қазақ әдебиеті. — 2016.- 4-10 ақпан. — Б. 10.

Нәріков А. Таусылмасын келер күн…: өлеңдер // Орал өңірі. — 2016. — 18 ақпан. — Б. 10.

Нәріков А. 1945 жыл: соғыс туралы өлең // Орал өңірі. — 2017. — 4 мамыр. — Б. 16.

Нәріков А. Ой орманы: ақын Қадыр Мырза Әліге арналған жыр жинағы хақында // Ана тілі. — 2017. — 26 қаңтар — 1 ақпан. — Б. 1, 8.

Нәріков А. Жанкешті жазушы Хамза Есенжанов замандастарының естеліктерінде: жазушы Хамза Есенжанов туралы // Орал өңірі. — 2018 . — 22 желтоқсан. — Б. 8.

Нәріков А. Тұрлаулы тұлғалар туралы: қоғам қайраткері Бисен Жұмағалиев жайында // Орал өңірі. — 2018. — 15 ақпан. — Б. 10.

Нәріков А. «Оберст» операциясы: Кеңес Одағының Батыры Михаил Абдолов туралы // Орал өңірі. — 2019. — 7 мамыр.

*****

Нәріков Айтқали: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы:энциклопедия. — Алматы, 2002. – Б. 410.

Нәріков Айтқали: өмірдерек // Қазақстан жазушылары: анықтамалық / құраст.: С.Қамшегер, Қ.Жұмашева. — Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009. – Б. 293.