МАСЯНОВ ЛЕОНТИЙ

(1894-ө.ж.б.)

 

Жазушы, суретші Масянов Леонтий 1894 жылы Тасқала ауданы, Шежін ауылында дүниеге келген.

Оралдағы реалдық әскер училещесін, кейін Санкт-Петербургтегі профессор Кордовскийдің бейнелеу студиясын бітірген. 1917 жылы әскери қызметке шақырылды. Азамат соғысында ақ-гвардияшыл каза-орыстар армиясы Орал бөлімі генерал В.С. Толстовтың 6-дивизиясы құрамында болған. 1921 жылы Стамбулда (Түркия) эмиграцияда болып, «От красных лап в неизвестную даль. Поход уральцев» мемуарын жариялаған. 1922 жылдың күзіне дейін Владивостокта Кеңес өкіметіне қарсы қозғалысқа қатысты. 1923 жылы Харбинде (Қытай), кейіннен Францияда Орал казак-эмигранттарының Париж станицасының атаманы. Казак-орыс тақырыбына арналған гравюра коллекциясын жинады. 1956 жылы АҚШ-қа көшіп келіп, Кубань әскери үйі мұражайына өз коллекциясы мен суреттерін жайғастырды. 1963 жылы АҚШ-та «Гибель Уральского казачьего войска» атты кітабын орыс тілінде жарыққа шығарды. Бұл басылымда өлкетану тақырыбына, әсіресе Орал өңіріндегі Азамат соғысы уақиғаларына байланысты қызықты материлдар бар.

Әдебиеттер: 

Масянов Леонтий: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. — Алматы, 2010. — Б. 382.