ХАМИТОВ ТӨЛЕУҚАЙЫР

(1932)

 

Хамитов Төлеуқайыр 1932 жылы Шыңғырлау селосында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылып, анасының тәрбиесінде болған. Шиілі орта мектебін бітірген.

Еңбек жолын Шиілі мектебінде мұғалім болып бастаған. Аудандық партия комитетінде нұсқаушы, бөлім бастығы, партия – совет қызметтерінде болған. Ұзақ жылдар Қайыңды сегіз жылдық мектебінде директор қызметін атқарған. Зейнет демалысына шыққаннан кейін «Тіл және дін» газетін шығаруға атсалысқан. Әр түрлі тақырыптардағы өлеңдері, естеліктері, тарихи материалдары баспасөз беттеріде жарық көрген.

Әдебиеттер: 

Хамитов Т. О, Наурыз!: өлең  // Серпін. – 1991. — 28 наурыз. – Б. 3.

Хамитов Т. Аға ұрпақ: өлең  // Серпін. – 1993. — 15 желтоқсан. – Б. 2.

Хамитов Т. Шыңғырлау — құтты мекенім: өлең  / Т. Хамитов; А.Т. Үмбетәлиев т.б.- Орал: Ағартушы // Шұғылалы Шыңғырлау. — 2008. – Б.189.