ФУГАРОВ МИХАИЛ МИХАИЛОВИЧ      

       (1930-1999 )

 

Фугаров Михаил  1930 жылы Саратов облысы Дергачи ауданы Дергачи селосында дүниеге келген. Тоғыз жасында мектепке барған.Тар заманның кесірі Фугаровтар отбасына кесірін тигізді. Олар заманның аумалы–төкпелі кездерінде көшіп–қонып жүріп, Орал облысына тұрақтаған. Жеті жылдық мектепті бітіріп, техникумға түседі. Одан соң Орал педагогикалық институтына оқуға түседі. Төрт жылдық оқуды бітіріп, мектепте инспекторлық қызмет атқарады. 1952 жылы Ағатан мектебінде денешынықтыру пәнінің мұғалімі болады.

«СССР Білім беру ісінің үздігі», «Қазақстан Білім беру ісінің үздігі» атағымен марапатталған, жергілікті ақын, депутат.

1960–1990 жылдар аралығында Тасмола орта мектебінде директорлық қызмет атқарды және тарих пәнінен сабақ берді. 1993 жылы құрметті демалысқа шықты.

 

Әдебиеттер:

Фугаров М. Дидар: стихи памяти воина-интернационалиста Дидара Хамитова // Шұғылалы Шыңғырлау. — Орал: Ағартушы, 2008. – С.194 -195.

Фугаров М. Чингирлау: стихи // Шұғылалы Шыңғырлау. — Орал: Ағартушы, 2008. –С.193 -194.