ЕСЕНОВ ҚУАНЫШ

(1971)

 

Есенов Қуаныш – ұстаздық қызметімен қатар ақындыққа да бой ұрып жүрген жастардың бірі.Ел мен жер, азаматы мен ауылы туралы жырларынан сағыныш сазы айқын сезіліп тұрады.

Есенов Қуаныш Ығылманұлы 1971 жылы дүниеге келген.1988 жылы Тасмола орта мектебін аяқтаған. 1989-1991 жж Отан алдындағы борышын өтегеннен кейін 1991-93 жылдары Қотантал ауылында әр түрлі қызметте жұмыс жасаған.1993 -1997 жылдары БҚМУ–дың «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтайды.

1997 – 2006 жылдары Амангелді орта мектебінде оқу ісі меңгерушісі және директор қызметтерін атқарады.

2006 – 2013 жылдары Шыңғырлау жалпы білім беру мектебінде мектеп директоры қызметін атқарған.

2013 жылдың тамызынан бастап, «Балалардың мектептен тыс орталығының» директоры қызметінде.

Әдебиеттер:

Есенов Қ. Азаматтық: өлең // Серпін.- 2005. — 16 желтоқсан.

Есенов Қ Ұстаздар: өлең // Серпін. — 2009. — 21 қараша. – Б. 3.

Есенов Қ. Ауылға хат: өлең // Серпін.- 2010. — 17 сәуір. – Б. 4.

Есенов Қ. Көктерек: өлең // Серпін. — 2010. — 17 сәуір. —  Б. 4.

Есенов Қ. Қайдасыңдар, достар: өлең // Серпін. — 2010. — 17 сәуір. – Б.4.

Есенов,Қ.Қойшының баласы: өлең // Серпін. — 2010. — 17 сәуір. – Б.4.

 *****

Есенов Қуаныш Ығылманұлы: №19 сайлау округі бойынша Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Қ.Есенов туралы // Орал өңірі. — 2016. — 10 наурыз. — Б. 6.