(1941)

Койшибай Бижанов 18 ақпан 1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Жақсы көл елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі Жұмашев Бижан Ұлы Отан соғысына қатысқан. Туған шешесі Иба 1947-48 жылдары қайтыс болған. Содан нағашы әжесі Сердәлі қызы Қайшаның тәрбиесінде болған. 1952 жылы  4-кластық бастауыш мектепті бітірген соң, 1952-55 жылдары Сәрбие деген жерде Сопаққөл Жетіжылдық мектебінде колхоз жатағында оқып, үздік бітірген.

1955-1956 ж. Ойыл аудандық Н.К Крупская атындағы орта мектебінде  8-і класты бітірген соң, әкесі Жұмашев Бижан  әжесі  екеуін Шыңғырлау  ауданы Сталин колхозына көшіріп алған. Әкесі ол кезде колхоз ірі қарасын баққан. 1952-58ж. Шилі орта мектебін ойдағыдай бітірген. Отбасылық жағдайға байланысты мектептен кейін оқуын жалғастыруға мүмкіндігі болмаған соң, колхоз мүшесі болған. 1959 жылының  қысында Шиліде колхоз арқылы тракторшы курсында 3 ай оқыған.

1959 жылы желтоқсан айының аяғында Чапаев ауданы 1-май (Первомай совхозында) №83 училищеде оқып, 1960 жылы қараша айында  «Аға шопан және жүн сорттаушы» мамандығын үздік бітірген. 1961 жыл Қызылкөл совхозы болып қайта құрылғанда шопан көмекшісі, есепші, қырманда таразы өлшеуші т.б. әртүрлі жұмыстар атқарған.

1967ж. Қызылкөл совхозы комсомол ұйымының жетекшілігіне сайланып, осы жылдардың  ішінде аудандық, облыстық, республикалық комсомол комитеттерінің көптеген грамоталарымен, Құрмет грамотасымен (Қазақ ЛКЖО) марапатталған.

Әкесі Бижан 1966 ж. қаңтардың 11-де дүниеден кеткен. Әке орнын жоғалтпау мақсатында әскерден біржола қалған соң, зайыбы Бақытжамал  Садық қызымен отау құрған.

1968 ж. Орал педагогикалық институтында сырттай филология факультетіне түсіп, 1974 ж. ақпан айында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі мамандығын алған.

1971-75ж. Белогор орта мектебінде өз  мамандығы бойынша жұмыс істеген.

1975ж. бастап 1983ж. дейін Сегізсай сегіз жылдық мектебінде директор,1983ж.бастап зейнет жасына дейін Қайынды мектебінде  мұғалім қызметін атқарған.Алғаш өлең шығару 16 жасында бастағанмен 1968ж. «Орал өңірі» газетінде, 16 наурызда «Туған жерге», 1-мамырда «Жарқын май!» өлеңі басылған. Содан бері аудандық, облыстық, ара тұра Республикалық «Атамекен», «Жас Алаш», «Дала дидары», «Қазақстан мектебі» газеттерінде өлеңдері басылған. 1967ж. аудандық айтысқа қатысып, II орын, 1972ж.-1 орын, 1976ж.-1 орын, 1990ж.-1 орын алған.1972-1989 жж аралығында облыстық  айтыстарға қатысқан. Лубендік әнші Жаңыл Елтезерова атты қызға жазып беріп, айтыстыру арқылы «Облыс ақыны» атағын алуына әсер еткен.

1992 ж. Жымпиты ауданында Сырым Датұлының 250 жылдығына қатысып, мінбеден Серікболсын Әбділдин, Әбіш Кекілбаев, Қадыр Мырзалиев, Ақұштап Бақтыгерееваны сырттай көрген.1994ж. қазан айының басында жыр арнап, өз қолынан таңдамалылар кітабының үш томына өзіне, ер балаларына арнап қолтаңба алса, 1995 жылы қаңтарда Оралда  Қадырдың 60 жылдық мерейтойында жыр мүшайрасына  қатысқан.

2004 жылы өзінің 60 жылдық мерейтойына арнап, «Сезім самалы» атты кітабы шықты.

  

Әдебиеттер:

Бижанов Қойшибай: өмірдерек  // Шұғылалы Шыңғырлау. — Орал: Ағартушы, 2008.-

Б.182.

Бижанов Қ. Құтты болсын, асқаралы 60 жас!: өлең  // Серпін. — 2000. — 23 қаңтар.

Бижанов Қ. Сезім самалы: өлеңдер. – Орал: Дастан. — 2004. — 138 б.

Бижанов Қ. Майдангер монологтары: өлең // Серпін. — 2006. — 8 мамыр.

Бижанов Қ Ініміз еді ізгі бір: А.Қабуловқа арналған // Серпін. — 2006. — 20 наурыз.

Бижанов Қ. Ағаға ы арнау: С. Рашевқа арналған өлең // Серпін. — 2007. — 16 маусым.

Бижанов Қ. Шоқтыбайдың шоқтығы биік азаматы: Қабиболла Сәрекеновке арналған өлең // Серпін. — 2007. — 19 мамыр.

Бижанов Қ. Тобықтай толғау: өлең // Серпін. — 2008. — 1 мамыр.

Бижанов Қ.Ұрпаққа үлгі болар ардагерлері: өлең // Серпін. — 2008. — 19 шілде.

Бижанов Қ. Жаңа өлеңдер //Атамекен. — 2008. — 12 қараша. – Б.7.

Бижанов Қ. Астана айшықтары: өлең // Серпін. — 2009. — 10 қазан. – Б. 4.

Бижанов Қ. Әз тұтар ағасыз: К.Таңатовқа арналған // Серпін. — 2009.-17 қаңтар. – Б. 4.

Бижанов Қ. Қош келдің, Жаңа бір жылым!: өлең // Серпін. — 2009. — 21 маусым.

Бижанов Қ. Шоқтыбайдың Шоқай терегі: өлең // Серпін. — 2010. — 12 маусым.

Бижанов Қ. Жасампаз жиырма жылымыз: өлеңдер  // Атамекен. — 2011. — 25 сәуір.- Б. 7

Бижанов Қ. Арнау: А. Үмбеталиевке арналған өлең // Серпін. — 2011. — 6 тамыз.

Бижанов Қ . Жетпіс жыл – жеті белесім: толғау // Серпін. — 2011. — 25 ақпан.

Бижанов Қ. Халқымның ұлттық биі – «Қара жорға»: өлең // Серпін. — 2012. — 23 маусым.- Б. 5.