ӘБДУҒАЛИЕВ САҒАТ

(1948-1984)

Ақын Әбдуғалиев Сағат Мұхтарұлы 1948 жылы 22 ақпанда қазіргі Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылында дүниеге келген.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыған.

Тағдыры ауыр болған Сағат Әбдуғалиев аз ғұмырының көп жылдарын Орал, Ақтөбе, Жаңаөзен түрмелерінде өткізді. Алғашқы өлеңдері аудандық «Ленин жолы» газетінде 1963 жылы жарияланды. Кейін облыстық «Орал өңірі», республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде, «Жалын» альманағында басылды. Оның 1980 жылы «Құлыншақ көктем», 1992 жылы «Көзайым келешек» атты жыр жинақтары жарық көрді. «Арыс» қорының тапсырысымен Т. Досымов Сағат Әбдуғалиевтің барынша толық жырлар жинағын құрастырып, 2008 жылы Алматы қаласы, «Арыс» баспасынан «Жүрегіме жүгі түсті жаһанның» деген атпен жарық көрді.

1984 жылы 5 сәуірде Тайпақ ауылындағы қорымда жерленген.

 

 

Әдебиеттер: 

Әбдуғалиев С.  «Көп алқындым, көкжиекке көз тігіп…» // Орал өңірі. —  2008. — 7 тамыз. – Б.15.

Әбдуғалиев С. «Дүние-ау, дүр моншақты үрзада ма ең…»: өлеңдер // Орал өңірі. — 2009. -21 сәуір. – Б.6.

Әбдуғалиев С. Жанымның жалғыз бұлбұлы. — Орал, 2009. — 200 б.

Әбдуғалиев С. Бауыржан Момышұлы: өлең // Жеңімпаздар. Победители. —  Орал, 2010

Әбдуғалиев С. Сағат жырының сыңғыры: поэзия  // Орал өңірі. — 2018. — 27 ақпан. — Б. 10.

Әбдуғалиев С. Қаршадайдан жетектеді жыр — үміт…: поэзия // Қазақ әдебиеті. — 2018 . — 9 қараша. — Б. 14.

Әбдуғалиев С.  Кіндік жұрт — Қазақстаным: өлең // Мерейлі мекен. — 2018 . — №16, 17. — Б. 50.

*****

Амангелді Ә. Сағатты тану – бізге парыз // Жайық таңы. — 2010. — 10 маусым. – Б.4.

Ахметов К. Сағаттың өлеңдері сағынышқа толы… // Орал өңірі. — 2018. — 20 ақпан. — Б. 11.

Ғаббасқызы С. Сағат өте көп оқитын // Орал өңірі. — 2009. — 21 сәуір. – Б. 6.

Жазықбай Т. «Өлеңнен алтын азап арқалаған…» // Орал өңірі. — 2009. — 23 шілде. – Б.11.

Жазықбай Т. Жасын: боранда жоғалып кеткен ақын туралы не білеміз? // Егемен Қазақстан. — 2016. — 30 шілде. — Б. 11.

Құттымұратұлы Қ. Сағат өлеңдерін түгендеу // Орал өңірі. — 2008. — 7 тамыз. – Б.14.

Құттымұратұлы Қ. Халықтың жүрегінде қалған ақын // Егемен Қазақстан. — 2018. — 3 шілде. — Б. 16.

Нұрашева Д. Отты өлеңдер — оның мұрасы: ақын Сағат Әбдуғалиев туралы // Орал өңірі. — 2019. — 18 қаңтар. — Б. 5.

Отарбаев Р. Есесі кеткен есіл дарын // Орал өңірі. — 2009. — 4 маусым. – Б.16.